5-29
Жұмыс берушінің таңдауы-қызметкерлердің кәсіби қауіпсіздігі!

Адами ресурстар - әр компанияның басты активі. Сондықтан жұмыс берушіге қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау маңызды. «5-29» ерікті сақтандыру бағдарламасы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбекке қабілеттілігінен ішінара айырылған жағдайларда қызметкерлер мен олардың отбасыларына қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді».

Корпоративтік клиенттердің «МАК» ӨСК» АҚ-мен осы өнім шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастығы кәсіпорын қызметкерлерін кепілді және уақтылы төлемдермен қамтамасыз етеді.


Сақтандыру шарттары:

Кім сақтанушы бола алады?

заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

Кім сақтандырылушы болып табылады?

Жұмыс берушімен еңбек қатынасындағы Сақтанушының қызметкері болып табылатын және жеке немесе ұжымдық еңбек келісім-шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға

Сақтандыру полисін қандай мерзімге ресімдеуге болады?

12 ай

Сақтандыру жарналарын төлеу мерзімділігі:

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, бір жолғы төлем.

Сақтандыру жағдайы:

Қызметкермен еңбек міндеттерін атқарған кезде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін 5% - дан 29% - ға дейін қоса алғанда белгілеуге әкеп соққан жазатайым оқиға.

Сақтандыру төлемі:

кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзімнің ішінде аннуитеттік төлемдер түрінде қызметкердің пайдасына жүзеге асырылады.


Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері 250 АЕК-тен аспауы тиіс.

Өтініш қалдыру