Білімі:
1997-2001 жж. - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (үздік).
2007-2009 жж. – Халықаралық бизнес академиясының магистратурасы, МВА дәрежесі, мамандануы: «Корпоративтік басқару».
Еңбек қызметі:
2001 жылы университетті аяқтағаннан кейін ҚР Президентінің Қазақстанның барлық университеттерінен оқытуды үздік бітірген 50 студентін мемлекеттік органдарына қабылдау бойынша ертеректе қайталанбаған идеясын жүзеге асыру шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жұмысқа шақырылды. 2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң басқармасының заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2003 жылы конкурстық негізде ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құқықтық сараптама бөлімінің бас заң кеңесшісі лауазымына өтті. Индустрия және сауда министрлігіндегі жұмысы кезінде акционерлік қоғамдар туралы заңға қосымша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тікелей қатысты.
2004-2006 жж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік сақтандыру бөлімінде жұмыс істеді. Әлеуметтік сақтандыру, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша заңнамасының негізгі әзірлеушілерінің бірі болды, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамын құруға тікелей қатысты. 2006 жылғы ақпаннан бастап 2006 жылғы сәуірге дейін «Атамекен одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне заң мәселелері бойынша кеңесші болып жұмысқа шақырылды.
2006 жылғы сәуірден бастап Ж.Б. Тримова «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-нда жұмыс істейді, еңбек жолын бас заң кеңесшісі қызметінен бастап, 2007 жылғы қаңтарда Заң департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды, ал 2007 жылғы қыркүйектен бастап Заң департаментінің директоры лауазымын иеленді. 2012ж.4 қантарында №11 бұйрықпен атқарушы директор лауазымына тағайындалды.
2006 жылғы сәуірден бастап ағымдағы жылдың сәуіріне дейін Компанияның корпоративтік хатшысы болды. Қаржы саласындағы заң қызметінің үлкен тәжірибесі бар, корпоративтік басқаруды, сапа менеджменті жүйесін реттейтін актілердің тікелей әзірлеушісі болып табылады, Компанияда корпоративтік басқаруды енгізді.
Ж.Б. Тримова кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесіне ие сауатты басшы болып табылады, бастамашыл, сындарлы ойлау қабілетіне ие, үнемі өз білімі мен құқықтық біліктілігін көтеру үшін жұмыс істейді.
Ж.Б. Тримова «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-н құру бастауында тұрды. Оның жұмыс тәжірибесі мен құзіреттілігі Мемлекеттік аннуитеттік компанияның өркендеуіне, өмірді сақтандыру нарығында көшбасшы позицияны жеңуіне, халықаралық басқару стандарттарын сәттін енгізуге және тұтастай алғанда республика азаматтарының әлеуметтік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.