• Компанияның мақсаты және миссиясы

                                           

    Компанияның мақсаты және миссиясы

    КОМПАНИЯНЫ ҚҰРУ МАҚСАТТАРЫ

    Мемлекеттік аннуитеттік компанияны құрудың негізгі мақсаттары:

    • елдің сақтандыру нарығында әр түрлі аннуитеттік өнімдердің пайда болуы;
    • «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарттарының негізінде азаматтардың сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарын жүзеге асыруларын қамтамасыз ету;
    • «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асуына септесу.

    МИССИЯ

    Біз – өмірді сақтандырудың дамушы коммерциялық секторындағы МЕМЛЕКЕТТІК компаниямыз. Біздің миссиямыз – қазақстандықтардың әлеуметтік және қаржылық қорғалуын көтеруге бағытталған үлгілі және сенімді тәжірибе үшін үздік шешімдер мен стандарттар енгізу.

    КӨЗҚАРАС

    Халықтың қаржы сауатсыздығын жою мақсатында сақтандыру қызметтерін ұсынуда озық стандарттарды қолданатын, «өмірді сақтандыру» саласының көшбасшысы.

    Табыстылығымыздың негізін біз клиенттерімізбен және серіктестерімізбен өзара сенімге негізделген ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас құруда және сақтауда деп білеміз. Біз сапалы қызмет көрсетіп, клиенттермен жеке өзара қарым-қатынаспен тығыз байланысты қажетті сервис ұсынуға ұмытылып қана қоймай, біздің клиенттеріміздің толық қанағаттануына қол жеткізуге тырысамыз.

    Қызметкерлердің әлеуеті Компанияның ең құнды капиталы және қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан қызметкерлеріміздің қорғалуы мен қанағаттануы - Компания үшін маңызды табыстылық критерийі. Бұл, ең алдымен, жұмыс қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғаудан, сондай-ақ қызметкерлерді жұмыс және шешім қабылдау процестеріне тартудан көрінеді, мұның өзі қызметкердің Компания қызметіне және табыстылығына үлкен қызығушылығына септеседі.

    Табыстылықтың маңызды факторын біз еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудан көреміз. Қызметкерлерді үнемі оқыту және біліктіліктерін көтеру Компанияның жоғары білікті қызметкерлер құрамының әлеуетін пайдалануды және кәсіби білімнің тұрақты келуін қамтамасыз етуді өз мақсаты етіп қояды.

    Таңдаулы сапаны сақтау процестерді тұрақты жетілдіруді және сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін жақсартуды талап етеді. Бұл қазіргі таңда біздің қызметіміз қаншалықты жақсы болғандығына қарамастан, одан жақсы болуы мүмкіндігін білдіреді.

    Активтердің өсімін ұлғайту және көшбасшы позицияны сақтау үшін сапасы нарық шарттарын, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын және заңнамалық әрі құқықтық нормаларға сәйкес келетін қызметтерді ұсыну қажет.

    Компания басшылығы сапа саласындағы Саясатты бекіте әрі түсіндіре келе, оны барлық қызметкерлер құрамының дұрыс түсіндетіндігіне және мойындайтындығына сүйенеді. Компанияның әрбір жұмысшысы атқарылатын жұмыс сапасына жауап береді және сапа саласындағы Саясатқа қайшы келетін әрекеттерді қабылдамауға әрі іске асырмауға міндеттенеді.

    МІНДЕТТЕР

    • еліміздің сақтандыру нарығында аннуитеттік өнімдердің жеке түрлеріне ұсыныстар қалыптастыру;
    • аннуитеттік сақтандыру бойынша еліміздің әр түрлі өңірлерінде сақтандырылғандардың көбірек қамтылуын қамтамасыз ету;
    • алдыңғы қатарлы технология енгізу және халықаралық тәжірибені пайдалану арқылы сақтандыру нарығында өз сақтандыру өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
    • жаңа сақтандыру өнімдерін әзірлеу;
    • сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
    • ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
    • мемлекеттің сақтандыру нарығын дамыту саласындағы бастамаларына қолдау көрсету.                                                                                                                                                                         
  • Компания тарихы

    «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның тарихы жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-н құру туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1377 қаулысынан бастау алады.«МАК» ӨСҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, ҚР сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын сәтті жүзеге асыру мақсатында құрылды.

    Компания акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.

    2005 жылғы 15 маусым. Компания бақылаушы органның - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚҚА) лицензиясын алды.

    Осы сәттен бастап Компаниямыз сақтандыру және бірінші кезекте аннуитеттік сақтандыру нарығындағы белсенді қызметін бастады. Сақтандыру өнімдері әзірленіп, өкілетті органмен келісілді, құрылымдық бөлімшелер құрылып, басшылар тағайындалды. Сол кездің өзінде Компания менеджменті келешек табыстылықтықтың мықты іргетасын қалады.

    2005 жылғы қарашада Компания Мюнхен қайта сақтандыру қоғамымен өмірді қайта сақтандыру шартын жасасты. Munich Re қаржы сенімділігі жетекші әлемдік рейтинг агенттіктерінің жоғары бағалауымен расталады.

    2006 жылғы қарашадан бастап  «МАК» ӨСҚ» АҚ «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің толық құқылы мүшесі болып табылады.

    Компания алғашқы күнінен бастап ҚР кәсіпорындарымен, сақтандыру ұйымдарынан және қаржы мекемелерінен әріптестерімен, ҚР өкілетті органдарымен серіктестік қатынас құрып, ретке келтіруді бастады.

    3 жылдан астам жұмыс ішінде Компания клиенттеріне айналды:

    • «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;
    • «Қазцинк» АҚ;
    • «Қазақтелеком» АҚ;
    • «Алюминий Қазақстан» АҚ;
    • «Қазхром» ТҰК» АҚ;
    • «Қазфосфат» АҚ;
    • «Қуат корпорациясы» АҚ;
    • «Еуроазиялық энергетикалық компания» АҚ;
    • «Соколов-Сарыбай тау-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ;
    • «Жайрем ТБК» АҚ;
    • «Рахат» АҚ.

    Бірқатар ірі компаниялармен ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы келісімдер жасалды:

    • «МЗЖҚ» ЖЗҚ» АҚ;
    • «Қазинвестбанк» АҚ;
    • «Базис-А» корпорациясы» ЖШС;
    • «RESMI» ИҚҮ» АҚ.

    Компания «жалпы сақтандыру» саласында жұмыс істейтін ірі сақтандыру компанияларымен ынтымақтастықты жөнге келтірді:

    • «АТФ Полис» СК» АҚ;
    • «Алтын Полис» СК» АҚ;
    • «Номад Иншуранс» СК» АҚ;
    • «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ;
    • «Лондон-Алматы» СК» АҚ;
    • «Астықты сақтандыру компаниясы» АҚ;
    • «Еуразия» СК» АҚ;
    • «Қазақмыс» СК» АҚ;
    • «Трансойл» СК» АҚ;

    сондай-ақ Қазақстан Республикасында өкілдіктері бар халықаралық сақтандыру делдардарымен:

    • «Марш» ЖШС;
    • «AON Kazakhstan» сақтандыру делдалы» ЖШС;
    • «EOS RISQ Kazakhstan» сақтандыру делдалы» ЖШС.

    Сақтандыру нарығында салыстырмалы түрде жақында пайда болғандығына қарамастан, МАК дамудың түбегейлі жаңа деңгейіне – түсім алуға шықты, алайда бұған 2010 жылы қол жеткізу жоспарланған еді. Капиталды қорландыру талаптарына және сақтандыру бизнесінің ерекшеліктеріне байланысты алғашқы үш-төрт жылда өмірді сақтандыру компаниясы түсім алмай, шығынға жұмыс істейді деп есептеледі. Жеке қаржы институттарымен аффилирленбеген мемлекеттік өмірді сақтандыру компания үшін бұл – тиімділік пен нәтижеліліктің әсерлі көрсеткіші. Сәтті таңдалған стратегияның арқасында түсімділік деңгейіне компания ашылғаннан кейін екі жыл ішінде қол жеткізілді.

    2006 жылдан бастап үш жыл қатарынан сақтандыру сыйлықақысын жинау бойынша жоспар асыра орындалуда. 2007 жылдың басынан бастап сақтандырудың аннуитеттік түрі бойынша МАК тәжірибелі өмірді сақтандыру компанияларынан қалыспайтындығын, ал кейде тіпті басып озатындығын сеніммен айтуға болады. Осылайша, 2008 жылы Компания бір миллиард теңгеден астам сақтандыру сыйлықақысын жинап, сол арқылы Қазақстандағы сақтандыру нарығындағы көшбасшылардың біріне айналды.

    2007 жылғы маусымда Компанияда ИСО 9001:2000 стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, халықаралық сертификат алынды. МАК-нда енгізілген ИСО 9001:2000 бойынша сапа менеджменті жүйесі оның қызметін жетілдіруге, сақтандыру өнімдерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, клиенттердің қажеттіліктеріне үнемі талдау жасауға, тұтынушыларға бағдарланған процестерді енгізуге, осы процестерді басқарылатын күйде қолдауға және соның негізінде сақтанушылардың қанағаттануын тұрақты түрде көтеруге мүмкіндік береді.

    2008 жылы «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы «МАК» ӨСҚ» АҚ сапа менеджменті жүйесіне кезекті инспекциялық тексеруін жүргізді. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Компания енгізілген сапа менеджменті жүйесінің іс-әрекетте сәтті қолдау тауып, тұрақты жақсарту қағидатына сәйкестікте дамитындығын және ИСО 9001:2000 ХС талаптарына сай екендігін растады.

    2008 жылы «МАК» ӨСҚ» АҚ Корпоративтік басқару кодексі әзірленіп, бекітілді.

    2008 жылы МАК ҚҚА Басқармасының қаулысымен, 2006 жылғы желтоқсаннан бастап ВТL лицензиясының әрекеті тоқтатылғаннан кейін, «Валют – Транзит Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (ВТL) міндеттемелерін қабылдауға келіскен 6 Life-компанияның ішінде жалғыз өзі болды.

    Төрт тараптың – ҚР Үкіметінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚҚА-нің және МАК қатысуымен сақтандыру қоржынын беру шарттарын келісу бойынша елеулі жұмыс атқарылды.

    2009 жылғы қаңтардан бастап Компания сақтандыру төлемдерін іске асыруға кірісіп, сақтандыру төлемдерін алушылар алдындағы барлық өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

    Сақтандыру компаниясы үшін өзекті мәселелердің бірі – тармақталған өңірлік желісінің болуы.

    «МАК» ӨСҚ» АҚ-ның Астана және Алматы қалаларында кеңселері бар. 2008 жылы Қарағанды қаласында алғашқы филиал ашылды. 2009 жылы Компания қолданыстағы 4 Өскемен, Павлодар, Атырау және Орал қалаларындағы кеңселерге қоса Республика бойынша 9 өңірлік өкілдік ашуды жоспарлап отыр.

    Компания ішінде 2008 жыл бойына үш жаңа бөлімше – Төлемдерді реттеу департаменті, Активтерді және пассивтерді басқару департаменті мен Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаменті құрылды. Осылайша, МАК өңірлік қамтуы мен ішкі құрылымы Компанияның бәсекеге қабілеттілігі мен сенімділігін көтере отырып, үнемі жетілу үстінде.

    2008 жылы МАК фирмалық стилі мен логотипін өзгертіп, ребрендинг өткізді. Компания жаңа стилі ретінде жарқын әрі серпінді, заманауи бейнені таңдады. МАК «жаңа келбеті» оны тұтынушыға жақындата түсті. Біз таңдаған бейне Компанияның ашықтығы, бастамашылдығы және сенімділігі туралы айтады.

    2008 жыл ішінде Компания жаңа өнімді – бала пайдасына «Ата-ана қамқорлығы» өмірді жинақтық сақтандыру бағдарламасын іске қосты. Бұл – заманауи және бәсекеге қабілетті сақтандыру өнімі. «Ата-ана қамқорлығы» сатылымының тұрақты өсетіндігін сеніммен айтуға болады, себебі балалар үшін қаржы тұрақтылығы мен кепілдігі әрдайым сұранысқа ие.

    Сақтандыру қоржынын әртараптандыру мақсатында Компания тұтынушылар арасында қызығушылыққа ие болатын және сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалған сақтандыру түрлеріне қызығушылықтарын көтеретін жаңа сақтандыру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуді және енгізуді бастады.

    2009 жылы KPMG тәуелсіз аудиторлық тексеріс өткізіп, есептілікте ұсынылған қаржы деректерінің анықтығын және олардың ХҚЕС-на сәйкестігін растады, сонымен бірге Компанияның түсім алуын айғақтады.

    Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2009 жылғы 21 желтоқсанда «МАК» ӨСҚ» АҚ-на ұлттық межелік бойынша «А» және халықаралық межелік бойынша «ВВ» тұрақтылық рейтингі берілді, қос рейтинг те «тұрақты» болжамымен. Компанияның қаржы күйін соншалықты жоғары деңгейде бағалау – Компанияның клиенттері мен серіктестері алдындағы өз міндеттемелері бойынша жауап беруінің жоғары қабілетін кезекті рет растау.

  • Жалғыз акционер және Директорлар кеңесі

    Компанияның Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 937 қаулысына сәйкес мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.
    Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес сайланған тәуелсіз директорлар кіреді.
    Жакупова Светлана Кабыкеновна – «МАК» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі;
    Амерходжаев Галым Ташмуханбетович –  «МАК» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; Басқарма төрағасы.
    Омаров Жаслан Искакович – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаментінің директоры;
    Иванова Анна Олеговна - Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының бас тарапшысы;
    Ділімбетова Гулнара Аманқұлқызы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
    Пунтус Валерий Анатольевич – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
    Директорлар кеңесінің өткізілген акционерлердің жалпы жиналысы және шешімдері туралы ақпарат
    «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 74 шешімімен «МАК» ӨСК» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің 2008-2010 жылдарға арналған Жоспарын орындау жөніндегі 2008 жылдың Есебі бекітілді.
    2009 жылғы 27 мамыр. Компанияның Директорлар кеңесі кезекті отырыс өткізіп, Компания Жарғысына және заңнама нормаларына сәйкес АҚ Директорлар кеңесінің құзіреттілігіне енетін мәселелер қаралды.
    Осы отырыс қорытындылары бойынша мына шешімдер қабылданды:
    Директорлар кеңесінің 22.12.2008 жылғы № 7 шешімімен бекітілген «МАК» ӨСК» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің 2009-2011 жылдарға арналған Жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді;
    «МАК» ӨСК» АҚ-ның 2008 жылға арналған жылдық қаржы есептілігі алдын ала бекітілді;
    «МАК» ӨСК» АҚ-ның Жалғыз акционеріне «МАК» ӨСК» АҚ-ның таза кірісін мына ретпен бөлу туралы ұсыныс енгізілді:
    50 (елу) % - мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге;
    50 (елу) % - Қоғам билігінде қалдыру.
    4. Ескертпелерді ескеріп, «МАК» ӨСК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 2009 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.
    «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «МАК» ӨСК» АҚ) «МАК» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-мен және «Өркен» ЖШС-мен қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі ірі мәміле жасасу туралы 05.08.10 жылғы № 98 шешімін қабылдағандығын хабарлайды.
                       
  • Басқарма

    Амерходжаев Ғалым Ташмуханбетович - Басқарма төрағасы

    Білімі:

    Заң мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген, заңгер (1999).

    2011 жылдан 2013 жылға дейін Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде оқып, Магистр атағын алды (МВА).

    Жұмыс өтілі:

    17 жылдан астам Ғалым Амерходжаев қаржы нарығында жұмыс істеп, сонымен қатар сақтандыру секторында табысты басқару тәжірибесі бар. «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «БТА Сақтандыру», «Астана-финанс» АҚ-ның Өмірді сақтандыру компаниясы, «Астана-финанс» АҚ және т.б бірқатар ірі қаржы институттарды бастаған.

    Денсаулық сақтау және Қазақстан Республикасы әлеуметтік даму министрінің 8 маусымдағы 2016 бұйрығымен «Өмірді сақтандыру компаниясы» Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды.



    Маканова Әсел Қуандыққызы – Басқарма Төрағасының Орынбасары

    Білімі:

    1994-1998 гг. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «экономика–менеджмент» мамандығы.

    Еңбек қызметі:

    Маканова А.К 1998 жылдан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек қызметін бастаған, жетекші маманнан бастап директордың орынбасары, Департамент директорына дейін жұмыс атқарды.

    Бюджеттік және еңбек заңнамасына, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге мол тәжірибесі бар. Аналитикалық материалдарды дайындау, презентациялар, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысу, бюджеттік бағдарламалар бойынша әлеуметтік параметрлерін болжаумен айналысқан.

    Министрлікте жұмыс істеу кезінде бірнеше рет жақсы жұмысы үшін мадақталды. 2012 жылы мемлекеттік «Ерен енбегі үшін» деген марапатқа ие болды.

    2014 жылы басқарма төрағасының орынбасары лауазымына шақырылды, «МАК» ӨСК» АҚ басқарма мүшесі болып сайланды.

    Сағындықова Назгүл Ерікқызы – Басқарма Төрағасының Орынбасары

    Білімі:

    С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша үздік (2000 ж.), Қазақ мемлекеттік заң университетін заң мамандығы бойынша (2003 ж.) бітірген.

    Еңбек қызметі:

    Еңбек қызметін 2001 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастады. ҚР ЕХӘҚМ зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді болжау бөлімінің жетекші және бас маманы болып істеді. 2003 жылы ынтымақты зейнетақы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Зейнетақы және жәрдемақымен байланысты жұмыс кезінде зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша заңнама жобалары мен заңға қосымша актілерді әзірледі, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді іске асыру үшін републикалық бюджеттен ақша қаражатының қажеттілігіне есептеулер жүргізді.

    2004 жылы ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік төлемдер басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды. Н.Е. Сағындықова басқарған ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік төлемдер басқармасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңдарының және осы заңдарға барлық қосымша актілердің тікелей әзірлеушісі болды, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» акционерлік қоғамдарын құру және қызметін іске асыру үшін нормативтік құқықтық база әзірледі. ҚР ЕХӘҚМ жұмысы кезінде үлгілі жұмысы үшін бірнеше рет марапатталды.

    2005 жылы «МАК» ӨСК» АҚ Басқармасы Төрағасының кеңесшісі лауазымына шақырылды, 2007 жылы Басқарушы директор лауазымына тағайындалып, «МАК» ӨСК» АҚ Басқармасының мүшесі болып сайланды.

    Н.Е. Сағындықова - зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыруда кәсіби білімге және үлкен тәжірибеге ие басшы, үздік ұйымдастырушылық қабілеті бар, бастамашыл, жауапты.

    Н.Е. Сағындықова «МАК» ӨСК» АҚ-н және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-н құру бастауында тұрды. Оның жұмыс тәжірибесі мен құзіреттілігі Мемлекеттік аннуитеттік компанияның өркендеуіне, өмірді сақтандыру нарығында көшбасшы позицияны жеңуіне, халықаралық басқару стандарттарын сәттін енгізуге және тұтастай алғанда республика азаматтарының әлеуметтік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

    Бексейітова Аяжан Тоқтарқызы – Атқарушы директор м.а., Заң департаментінің  директоры

    Білімі:

    2002 жылы  Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі – заңгер. 

    2004 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – экономист.

    Еңбек қызметі:

    Аяжан Бексейітова еңбек қызметін 2002 жылы «Альянс Банк» АҚ Бизнесті дамыту департаментінің жетекші маманы қызметінен бастап, осы банк жүйесінде 3 жыл жұмыс істеді. 2005 жылы Компания құрылғаннан кейін «МАК» ӨСК» АҚ-на жұмысқа ауысты. Компаниядағы жұмысы кезінде жетекші заң кеңесшісінен Заң департаментінің директоры, Басқарма мүшесіне дейінгі жолдан өтті. Қаржы саласындағы жалпы жұмыс тәжірибесі – 11 жыл, олардың ішінен 8 жыл ол «МАК» ӨСК» АҚ еңбек ұжымында жұмыс істейді. Аяжан Бексейітова сақтандыру және зейнеткерлік қамсыздандыру мәселелері, қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, оларға негіздемелер дайындау және сақтандыру мен зейнеткерлік қамсыздандыру бойынша қолданыстағы заңнаманың күрделі мәселелерін қарау жөніндегі заң шығарушы қызметке белсенді түрде қатысады, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмысшы топтарына араласады. 2013 жылғы 11 маусымнан бастап А.Т. Бексейітова  «МАК» ӨСК» АҚ атқарушы директорының міндетін атқарушы болып табылады, ал 2013 жылғы 28 маусымнан бастап «МАК» ӨСК» АҚ Басқармасының құрамына кірді.


    Тримова Жұлдыз Бақытжанқызы – «МАК» ӨСК» АҚ атқарушы директоры (2013 жылғы 27 маусымнан бастап балалар күтімі бойынша еңбек демалысында)

    Білімі:

    1997-2001 жж. - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (үздік).

    2007-2009 жж. – Халықаралық бизнес академиясының магистратурасы, МВА дәрежесі, мамандануы: «Корпоративтік басқару».

    Еңбек қызметі:

    2001 жылы университетті аяқтағаннан кейін ҚР Президентінің Қазақстанның барлық университеттерінен оқытуды үздік бітірген 50 студентін мемлекеттік органдарына қабылдау бойынша ертеректе қайталанбаған идеясын жүзеге асыру шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жұмысқа шақырылды. 2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң басқармасының заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.

    2003 жылы конкурстық негізде ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құқықтық сараптама бөлімінің бас заң кеңесшісі лауазымына өтті. Индустрия және сауда министрлігіндегі жұмысы кезінде акционерлік қоғамдар туралы заңға қосымша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тікелей қатысты.

    2004-2006 жж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік сақтандыру бөлімінде жұмыс істеді. Әлеуметтік сақтандыру, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша заңнамасының негізгі әзірлеушілерінің бірі болды, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамын құруға тікелей қатысты. 2006 жылғы ақпаннан бастап 2006 жылғы сәуірге дейін «Атамекен одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне заң мәселелері бойынша кеңесші болып жұмысқа шақырылды.

    2006 жылғы сәуірден бастап Ж.Б. Тримова «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-нда жұмыс істейді, еңбек жолын бас заң кеңесшісі қызметінен бастап, 2007 жылғы қаңтарда Заң департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды, ал 2007 жылғы қыркүйектен бастап Заң департаментінің директоры лауазымын иеленді.

    2006 жылғы сәуірден бастап ағымдағы жылдың сәуіріне дейін Компанияның корпоративтік хатшысы болды. Қаржы саласындағы заң қызметінің үлкен тәжірибесі бар, корпоративтік басқаруды, сапа менеджменті жүйесін реттейтін актілердің тікелей әзірлеушісі болып табылады, Компанияда корпоративтік басқаруды енгізді.

    2009 жылғы наурыздан бастап Ж.Б. Тримованың кәсіпқойлығы мен құзіреттілігін ескеріп, ол қосымша ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.

    Ж.Б. Тримова  кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесіне ие сауатты басшы болып табылады, бастамашыл, сындарлы ойлау қабілетіне ие, үнемі өз білімі мен құқықтық біліктілігін көтеру үшін жұмыс істейді.

    Ж.Б. Тримова «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-н құру бастауында тұрды. Оның жұмыс тәжірибесі мен құзіреттілігі Мемлекеттік аннуитеттік компанияның өркендеуіне, өмірді сақтандыру нарығында көшбасшы позицияны жеңуіне, халықаралық басқару стандарттарын сәттін енгізуге және тұтастай алғанда республика азаматтарының әлеуметтік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

  • Лицензиялар мен сертификаттар

                                           

     

      
  • Компания жарғысы

  • Корпоративтік басқару кодексі

  • Консультациялық-кеңесші органдары

  • Ұйымдастырушылық құрылымы

                                           

  • Алғыстар мен ұсыныстар

  • Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат


  • Компанияның стратегиялық жоспары



    Стратегический план Компании на 2017-2021 гг.

    Улучшение здоровья граждан Казахстана путем эффективного формирования и реализации государственной политики, осуществления межотраслевой координации и государственного регулирования предоставления услуг в области здравоохранения. Защита трудовых прав, содействие продуктивной занятости и росту благосостояния населения.

    Эффективная и доступная система здравоохранения, отвечающая потребностям населения. Повышение уровня и качества жизни на основе расширения доступности продуктивной занятости, повышения уровня социального обеспечения, развития и оптимизации системы социальной поддержки населения.

  • Саланың ағымдағы жағдайы

  • Сақтандыру агенттері

  • Сақтандыру тарифтері

  • Мемлекеттік аудит


  • Дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі ақпарат

                         

    Құрметті клиенттер!

    Сізге 26.11.2013 жылдан бастап «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгендігі туралы хабарлаймыз, оған сәйкес дербес деректерді жинауды, өңдеуді субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен меншік иесі және (немес) оператор іске асырады.

    Осыған байланысты Компания қызметтерді ұсынған кезде Сізден дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруіңізді сұрайды.

    Сайтта Компания іске асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесі орналастырылған. Аталған тізбе Компания қызметінде пайдаланылуы мүмкін дербес деректердің максималды көлемінен тұрады және Сіздің осы тізбеде көрсетілген барлық ақпаратты толық көлемде ұсыну керектігіңізді білдірмейді. 

  • Сот талап-арыздары

    «МАК» ӨСК» АҚ-на сақтанушы зейнетақы жинағын жинақтаушы зейнетақы қорына аударумен зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы талаппен бір талап-арыз ұсынды.

    Талапкердің талап-арызын толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімі, сондай-ақ соттың азаматтық істер бойынша Алқаның шешімді өзгертусіз, ал апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысы шықты.

                       
  • Бос жұмыс орындары

                                           

    1.      Заң департаментінің жетекші юристконсульті (Астана қ. жұмыстар бойынша)

    Міндеттері:

    -          юридическое обслуживание деятельности подразделений Қоғам бөлімшелерінің қызметіне заңдық  қызметті көрсету;

    -          іс-қағаздарын жүргізу және уәкілетті органға есептерді ұсыну; 

    -          Департаменттің ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша қызметтік жазбалар мен хаттарды әзірлеу;

    -          Сақтандыруға алынған құжаттарды заңдық сараптама және Қоғаммен жасалатын Шарттары рәсімдеу.

     

    Талаптар:
    Білімі: жоғары заңдық

    • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша болғаны дұрыс

    • Дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, сақтандыру қызметін реттейтін азаматтық, еңбек, әкімшілік құқықты, нормативтік құқықтық акттерді және басқа құжаттарды; сақтандыру қызметінің түрлерін және сақтандырудың әртүрлі түрлерінің шарттарын; сақтандырудың қолданыстағы кластарының жалпы сипаттамасын; сақтандыру шарттарын жасау және рәсімдеу тәртібі.

     

    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .

     

    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

    2.      Ақпараттық технологиялар департаментінің бас маманы(Астана қ. жұмыстар бойынша)

    Міндеттері:

    -    бағдарламалық қамтамасыз етуді  әзірлеу процесінің негізгі әдіснамаларын сенімді игерудің негізіндегі дербес жұмыс;

    -     бағдарламалық қамтамасыз етуді  әзірлеуге, енгізуге және ілеспе жұмыстарына қатысу;

    -    жаңа ақпараттық технологияларды зерделеу және Қоғамда енгізу;

    -     деректердің алгоритмдері мен құрылымдарын сипаттау үшін бағдарламалау тілін таңдауды жүзеге асыру;

    -     ретке келтіру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау процесін жүзеге асыру және ретке келтіруді жүргізу;

    -    бағдарламалардың олардың функционалдық мақсаттылығына сәйкестігін барынша толық тексеруді қамтамасыз етеін бақылау мысалдары деректерінің көлемі мен мазмұнын анықтау;

    -     ретке келтірілген бағдарламаларды сынау және іске қосу, және  қойылған мақсаттардың шарттарымен белгіленетін бастапқы деректерді енгізу;

    -    шығыс деректерді талдау негізінде әзірленген бағдарламаларды түзетуді жүзеге асыру және дайын бағдарламалық өнімдерді қолдану мүмкіндігін анықтау;

    -     енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарға ақпараттық ілеспе жұмыстарын жүзеге асыру;

    -    Қоғамның сыртқы сайтына ілеспе жасау.

     

    Талаптар:
    • Білімі: ақпараттық жүйе саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта  білімі  

    • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде бір жыл

    • Дағдылары: СУБД және Oracle, SQL, PL/SQL, Delphi және басқа бағдарлама тілдерін білуі, қаржы және сақтандыру қызметін автоматтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеу;  талаптарды жинау және талдау, өнімді қолдану сценарийлерін құру; бағдарламалық өнімге талаптардың әртүрлі түрлерін әзірлеу; дайын ерекшеліктердің негізінде бағдарламалық өнімнің кодын әзірлеу; жинақталған, бөлінген және көпарналы қосымшаларды әзірлеу және ретке келтіру; бағдарламалық құрауыштардың интеграциясы; өзін*өзі дамыту, іскерлік қағаздармен жұмыс тәжірибесінің болуы.

     

    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .

     

    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

    3.        Астана қаласындағы филиалдың корпоративтік менеджері (Астана қ. жұмыстар бойынша)

    Міндеттері:

    - филиал үшін сақтандыру сыйлықақысын тарту бойынша жоспарды орындау;

    - іскерлік кездесулерді ұйымдастыру және өңірдің клиенттеріне тұсаукесерлер өткізу;

    - сақтандыру өнімдерін белсенді жылжыту;

    - сақтандыру шарттарын жасау үшін құжаттарды дайынау;

     - өңірде сақтандыру өнімдерінің негізгі тұтынушылары туралы ақпарат жинау;

     - істеген жұмысы туралы есептілікті ұсыну.

     

    Талаптар:
    • Білімі: жоғары немесе арнаулы орта білімі;

    • Жұмыс тәжірибесі: сату саласында кемінде бір жылдың болғаны абзал.

    • Дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, сақтандыру қызметін реттейтін азаматтық, еңбек, әкімшілік құқықты, нормативтік құқықтық акттерді және басқа құжаттарды; сақтандыру қызметінің түрлерін және сақтандырудың әртүрлі түрлерінің шарттарын; сақтандырудың қолданыстағы кластарының жалпы сипаттамасын; сақтандыру өнімдерін сатуды жүзеге асыру механизмі; өңірлік агенттердің және жалпы агенттік желінің жұмыс тәртібі; коммуникативтік дағдылары

    • ДК сенімді қолданушысы.


    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .

     

    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

    4.       Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалдың корпоративтік менеджері (Алматы қ. жұмыстар бойынша)

     

    Міндеттері:

    - филиал үшін сақтандыру сыйлықақысын тарту бойынша жоспарды орындау;

    - іскерлік кездесулерді ұйымдастыру және өңірдің клиенттеріне тұсаукесерлер өткізу;

    - сақтандыру өнімдерін белсенді жылжыту;

    - сақтандыру шарттарын жасау үшін құжаттарды дайынау;

     - өңірде сақтандыру өнімдерінің негізгі тұтынушылары туралы ақпарат жинау;

     - істеген жұмысы туралы есептілікті ұсыну.

     

     Талаптар:
    • Білімі: жоғары немесе арнаулы ортабілімі;

    • Жұмыс тәжірибесі: сату саласында кемінде бір жылдың болғаны абзал.

     

    • Дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, сақтандыру қызметін реттейтін азаматтық, еңбек, әкімшілік құқықты, нормативтік құқықтық акттерді және басқа құжаттарды; сақтандыру қызметінің түрлерін және сақтандырудың әртүрлі түрлерінің шарттарын; сақтандырудың қолданыстағы кластарының жалпы сипаттамасын;сақтандыру өнімдерін сатуды жүзеге асыру механизмі; өңірлік агенттердің және жалпы агенттік желінің жұмыс тәртібі; коммуникативтік дағдылары

    • ДК сенімді қолданушысы.


    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .

     

    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

    5.      Алматы қаласы және  Алматы облысы бойынша филиалдың бас менеджері (Алматы қ. жұмыстар үшін)

     

    Міндеттері:

     -филиалға сақтандыру сыйлықақысын тарту бойынша жоспарды орындау;

    - сақтандыру шарттарын жасау мақсатында өңірдің заңды және жеке тұлғаларымен іскерлік кездесулерді ұйымдастыру;

              - сақтандыру өнімдерін белсенді жылжыту;

    - болған жазатайым оқиғалар туралы ақпаратты жинау;

    - өңірде сақтандыру өнімдерінің негізгі тұтынушылары туралы ақпарат жинау;

     

      Талаптар:
                • Білімі: жоғары;

    • Жұмыс тәжірибесі: сату саласында кемінде болғаны абзал.

    • Дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, сақтандыру қызметін реттейтін азаматтық, еңбек, әкімшілік құқықты, нормативтік құқықтық акттерді және басқа құжаттарды; сақтандыру қызметінің түрлерін және сақтандырудың әртүрлі түрлерінің шарттарын; сақтандырудың қолданыстағы кластарының жалпы сипаттамасын;сақтандыру өнімдерін сатуды жүзеге асыру механизмі; өңірлік агенттердің және жалпы агенттік желінің жұмыс тәртібі; коммуникативтік дағдылары

    • ДК сенімді қолданушысы.


    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .

     

    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

     

     

     

     

     

     

    6.      Ақтөбе облысы бойынша филиалдың есеп менеджері   (Ақтөбе қ.  жұмыс үшін) (негізгі қызметкер болмаған уақытқа)

     

    Міндеттері:

         - Қоғамның Бас кеңсесімен және оның бөлімшелерімен шұғыл байланыста болу;

         - филиалдың кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу;

         - орындалған жұмыстар бойынша филиалдың басшылығына есептілікті ұсыну;

          - сақтандыру қызметі бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудегі жұмыс және деректерді дұрыс енгізуді қамтамасыз ету;

         -  сақтандырудың барлық түрлері бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуде шарттар туралы деректерді енгізу мәселесі бойынша филиалдың тұтынушыларына/агенттеріне кеңес ұсыну.

     
    Талаптар:
    • Білімі: жоғары немесе арнаулы орта білімі;

    • Жұмыс тәжірибесі: сату саласында болғаны абзал.

    • Дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, сақтандыру қызметін реттейтін азаматтық, еңбек, әкімшілік құқықты, нормативтік құқықтық акттерді және басқа құжаттарды; сақтандыру қызметінің түрлерін және сақтандырудың әртүрлі түрлерінің шарттарын; сақтандырудың қолданыстағы кластарының жалпы сипаттамасын;сақтандыру өнімдерін сатуды жүзеге асыру механизмі; өңірлік агенттердің және жалпы агенттік желінің жұмыс тәртібі; коммуникативтік дағдылары

    • ДК сенімді қолданушысы.


    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .


    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

    7.      Шығыс Қазақстан облысындағы филиал бойынша Семей қ. өңірлік кеңсенің жетекші менеджері  (Семей қ. жұмыстар бойынша)

    Міндеттері:

     -филиалға сақтандыру сыйлықақысын тарту бойынша жоспарды орындау;

    - сақтандыру шарттарын жасау мақсатында өңірдің заңды және жеке тұлғаларымен іскерлік кездесулерді ұйымдастыру;

              - сақтандыру өнімдерін белсенді жылжыту;

    - болған жазатайым оқиғалар туралы ақпаратты жинау;

    - өңірде сақтандыру өнімдерінің негізгі тұтынушылары туралы ақпарат жинау;

     

      Талаптар:
                • Білімі: жоғары;

    • Жұмыс тәжірибесі: сату саласында болғаны абзал.

    • Дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, сақтандыру қызметін реттейтін азаматтық, еңбек, әкімшілік құқықты, нормативтік құқықтық акттерді және басқа құжаттарды; сақтандыру қызметінің түрлерін және сақтандырудың әртүрлі түрлерінің шарттарын; сақтандырудың қолданыстағы кластарының жалпы сипаттамасын;сақтандыру өнімдерін сатуды жүзеге асыру механизмі; өңірлік агенттердің және жалпы агенттік желінің жұмыс тәртібі; коммуникативтік дағдылары

    • ДК сенімді қолданушысы.


    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .

     

    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

    8.      Батыс Қазақстан облысындағы филиалдың жетекші менеджері  (Орал қ. жұмыстар бойынша)

    Міндеттері:

      -филиалға сақтандыру сыйлықақысын тарту бойынша жоспарды орындау;

    - сақтандыру шарттарын жасау мақсатында өңірдің заңды және жеке тұлғаларымен іскерлік кездесулерді ұйымдастыру;

              - сақтандыру өнімдерін белсенді жылжыту;

    - болған жазатайым оқиғалар туралы ақпаратты жинау;

    - өңірде сақтандыру өнімдерінің негізгі тұтынушылары туралы ақпарат жинау;

     

      Талаптар:
                • Білімі: жоғары;

    • Жұмыс тәжірибесі: сату саласында болғаны абзал.

    • Дағдылары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуі керек, сақтандыру қызметін реттейтін азаматтық, еңбек, әкімшілік құқықты, нормативтік құқықтық акттерді және басқа құжаттарды; сақтандыру қызметінің түрлерін және сақтандырудың әртүрлі түрлерінің шарттарын; сақтандырудың қолданыстағы кластарының жалпы сипаттамасын;сақтандыру өнімдерін сатуды жүзеге асыру механизмі; өңірлік агенттердің және жалпы агенттік желінің жұмыс тәртібі; коммуникативтік дағдылары

    • ДК сенімді қолданушысы.


    Еңбек жағдайы:

    • Бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-30 сағатқа дейін, толық жұмыспен қамту.

    • Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту .

     

    Түйіндемені E-mail: hr@gak.kz жіберу

    телефон: 916-333 (ішкі:1114).

     

  • Терминдер

  • Ішкі жемқорлық тәуекелдерін талдауды өткізу ережелері

  • Азаматтарды қабылдау кестесі

  • Мемлекеттік сатып алулар жоспары

    Правила проведения внутреннего анализа коррупционнных рисков

    2018 жылға арналған Мемлекеттік сатып алулар жоспары

    План ГЗ c изменениями на 2017 год