Премиум
Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің жұмысымыз!

Қызметкерлеріне өндірісте қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау басшының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибеде өндірістік жарақаттар өмірді сақтандырудағы ең көп таралған оқиғалар және жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы шиеленістің себебі болып табылады. «Премиум» жазатайым оқиғалардан мерзімдік сақтандыру бағдарламасы жұмыс беруші ретінде өзіңді және қызметкерлеріңді қорғауға мүмкіндік береді. «МАК» ӨСК» АҚ ұсынылған сақтандыру полисінің арқасында қызметкерлеріңіз бен олардың отбасыларына қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге болады. Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің жұмысымыз!

Кім Сақтанушы бола алады?

Заңды тұлға

Сақтандырылушы кім?

Туғаннан 69 жасқа дейінгі жеке тұлға, бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолданысы аяқталғанда 70 жастан, ал сақтандырылған баланың жасы сақтандыру шартының қолданысы аяқталғанда 18 жастан аспауы керек

Сақтандыру полисі қандай мерзімге жасалады?

1 күннен 10 жылға дейін

Сақтандыру қорғауының қолданыс аумағы:

бүкіл әлем бойынша

Сақтандыру жарналарын төлеу мерзімділігі:

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, бір жолғы төлем.

Қосымша төлемдер:


Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде ІІІ топ мүгедектігі


Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алуы


Негізгі сақтандыру төлемі Төлем мөлшері
Шарттың қолданыс мерзімінде жазатайым оқиға нәтижесінде орын алған Сақтандырылушының өлімі Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%
Сақтандырылушыға жазатайым оқиға нәтижесінде «мүгедек-бала» санатының белгіленуі Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде І және ІІ топ мүгедектігі Сақтандырылушының І топ мүгедектігі кезінде сақтандыру сомасының 80% 

Сақтандырылушының ІІ топ мүгедектігі кезінде сақтандыру сомасының 60%
Қосымша сақтандыру төлемі Төлем мөлшері
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде ІІІ топ мүгедектігі Шарт бойынша сақтандыру сомасының 30%
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алуы Осы қосымша төлем бойынша «Жазатайым оқиға нәтижесінде жарақаттар бойынша сақтандыру  

төлемдерінің кестесіне» сәйкес сақтандыру сомасының пайыздары бойынша белгіленеді
Өтініш қалдыру