Жұмыс берушінің жауапты таңдауы!

Еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиға – бұл, бірінші кезекте, қызметкерлердің мамандығына қарамастан олардың денсаулығына және өміріне қатер,  екіншіден, тұрақты тексерулер үшін негіз болып табылады.Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлер міндетті сақтандыру осындай салдарларды алдын-алуға көмектеседі жұмыс беруші қызметкерлерімен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

«МАК» ӨСК» АҚ тек 100% қатысумен мемлекеттік сақтандыру компаниясы ғана емес, сонымен қатар сіздің сақтандыру төлемдеріңіздің кепілі болып табылады.

ЖОМС шартын жасасудан жалтару:

 Жеке тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде

 Лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес

 Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК мөлшерінде

 Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК мөлшерінде


Сақтандыру жағдайы:

Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және/немесе қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек мiндеттерiн атқарған кездегі жазатайым оқиға;

Сақтандыру төлемі:

сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру сомасы шегінде Сақтандырушымен Пайда алушыға төленетін ақша сомасы.

кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесіТөлем жүргізіледі
5% -тен 29 % -ға дейінСақтанушымен
30% -дан 100%-ға дейінСақтандырушымен
өлімСақтандырушымен
*Сақтандыру төлемінің мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.

**Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу мерзіміТөлем жүргізіледі
1 жылдан азай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші сақтандыру төлемін барлық көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
1 жыл және одан көпқызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.

өлімҚР заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде ҚР Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады.
кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу
30% -дан 59 % -ды қоса алғанда500 АЕК дейін
60%-дан до 89%-ды қоса алғанда 750 АЕК дейін
90% -дан 100%-ды қоса алғанда1000 АЕК дейін

Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға Компания жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.

Өтініш қалдыру