Білімі:
2007 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетін, 2009 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік университетін, 2011 жылы экономика және бизнес магистрі мамандығы Оңтүстік Корея, Сеул қ., KDI School of Public Policy and Management бітірген.
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 2007 жылдан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бастаған. 12 жылдан астам көшбасшылық тәжірибесі бар. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау Орталығында, ҚР Өңірлік даму министрлігінде департамент директорының орынбасары, ҚР Үкіметінің аппаратында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеген.
«KazakhExport» экспорттық-сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарушы директоры, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялар тарту және маркетинг Департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
Дүниежүзілік банк Жобасының «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару жөніндегі топтың Басшы – үйлестірушісі, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ, «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Тыныс» АҚ сияқты компанияларда Тәуелсіз директор - директорлар Кеңесінің мүшесі, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ инвестициялық жобалар жөніндегі Қоғамдық комиссиясының Төрағасы болған.