Kz Ru En ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
+7 7172 649 833 +7 708 903 9999 (WhatsApp) Қоңырауға тапсырыс
«Қорғаушы»
«Қорғаушы» мерзімдік сақтандыру бағдарламасы
Барлық өндірістік кәсіпорындар үшін білікті қызметкерлерді ұстап қалу ерекше маңызға ие, ал компанияны тиімді басқарудың қажетті элементі болып табылатын өмірді корпоративтік сақтандыру ынталандыру бола алады. Сондықтан олар үшін жұмыс беруші төлейтін сақтандыру ерекше тартымдылыққа ие.

Қызметкерлердің өмірін белгілі бір мерзімге сақтандыру қызметкерлердің отбасыларына ең көп қажет болған жағдайда – асыраушысының қайтыс болуы немесе мүгедектігі басталған жағдайда материалдық қорғалуының кепілдігіне мүмкіндік береді. Жұмыс берушінің мүдделерін қорғауға және қызметкерлердің сақтандыру төлемін сеніп тапсыратын сақтандыру серіктестігін дұрыс таңдау өте маңызды.

«МАК» ӨСК» АҚ қызметкерлерді мерзімдік сақтандырудың ыңғайлы бағдарламасын ұсынады, онымен сақтандыру шартын бір жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады.

Сақтандырудың артықшылықтары:


өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімі (15 жылға дейін);


сақтандыру жарналарын төлеудің ыңғайлы нұсқалары;


отбасының кез келген мүшесін, оның ішінде екі жастан асқан балалардың өмірін сақтандыру.


Кім Сақтанушы бола алады?

18 жастан асқан жеке тұлға немесе заңды тұлға

Сақтандырылушы кім?

Туғаннан 69 жасқа дейінгі жеке тұлға, бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолданысы аяқталғанда 70 жастан, ал сақтандырылған баланың жасы сақтандыру шартының қолданысы аяқталғанда 18 жастан аспауы керек.

Сақтандыру полисі қандай мерзімге жасалады?

1 жылдан 15 жылға дейін

Сақтандыру қорғауының қолданыс аумағы

бүкіл әлем бойынша

Сақтандыру жарналарын төлеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, бір жолғы төлем

Қосымша төлемдер


Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде өлімі


Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде (тек қана І және ІІ топ мүгедектігі) мүгедектігі


Сақтандырылған балананың жазатайым оқиға нәтижесінде мүгедектігі (16 жасқа дейінгі «мүгедек-бала», 16 жастан 18 жасқа дейін тек қана І және ІІ топтағы мүгедектігі бар «мүгедек-бала») санатының белгіленуі


Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алуы


Негізгі сақтандыру төлемі Төлем мөлшері
Шарттың қолданыс мерзімінде кез келген себеп бойыша орын алған Сақтандырылушының өлімі Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%
Қосымша сақтандыру төлемі Төлем мөлшері
Жазатайым оқиға нәтижесінде орын алған Сақтандырылушының өлімі Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100% негізгі сақтандыру төлемі бойынша сақтандыру сомасының 100% қосымша
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде (тек қана І және ІІ топ мүгедектігі) мүгедектігі Сақтандырылушының І топ мүгедектігі кезінде сақтандыру сомасының 100%  

Сақтандырылушының ІІ топ мүгедектігі кезінде сақтандыру сомасының 80%
«мүгедек-бала» санатының 16 жасқа дейін белгіленуі Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%
16 жастан 18 жасқа дейін «мүгедек-бала» санатының белгіленуі Сақтандырылушының І топ мүгедектігі кезінде сақтандыру сомасының 100%  

Сақтандырылушының ІІ топ мүгедектігі кезінде сақтандыру сомасының 80%
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алуы Осы қосымша төлем бойынша «Жазатайым оқиға нәтижесінде жарақаттар бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесіне» сәйкес сақтандыру сомасының пайыздары бойынша белгіленеді