← Жаңалықтар тізіміне оралу

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Жарияланған күні: 2025-11-25
     2025 жылғы 20 маусымда Басқарма төрағасымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 26 тамыздағы № 03-03/130-ОД бұйрығының негізінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ қызметінде келесі бағыттар бойынша 2024 жылғы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:
     1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
     2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
     Осыған байланысты, 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді compliance@gak.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
     Сұрақтар туындаған жағдайда телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
     8 7172 64 98 33 ішк. 1231

Скачать приложение

Отсканируйте QR-код

QR Code