← Жаңалықтар тізіміне оралу

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

Жарияланған күні: 2025-11-25
    2025 жылғы 20 маусымдағы Басқарма төрағасымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 26 тамыздағы 03-03/130-ОД бұйрығы негізінде, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ қызметінде келесі бағыттар бойынша 2024 жыл кезеңіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
    1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    2) талдау объектісінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
    Осымен 2025 жылғы 28 қарашада сағат 11: 00-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
    Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы - бас санитарлық дәрігерінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 05-03/25 санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды енгізу туралы қаулысын ескере отырып, жария талқылау ZOOM бейнеконференциясы арқылы онлайн-форматта өткізіледі.
    Қатысуға тіркелу үшін толық ТАӘ және байланыс ақпаратыңызды compliance@gak.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.

Скачать приложение

Отсканируйте QR-код

QR Code