Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар үшін бірлескен зейнетақы аннуитеті жақын туыстарына немесе жұбайларына өздерінің жинақтарын біріктіруге және лайықты демалысқа ресми шығуды күтпестен өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік беретін жаңа сақтандыру өнімі болып табылады. Егер бір жұбайында зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, ерлі-зайыптылар бұл өнімді пайдалана алады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР - да ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жас, ал әйелдер үшін 2025 жылы - 61 жастан басталады. Бірақ, сіз зейнеткерлік жасты күтпей зейнетақы аннуитетін рәсімдей аласыз. Алайда, бұл үшін БЖЗҚ-да жинақтардың жеткілікті сомасы болуы қажет. Бұл сома салымшының жынысы мен жасына байланысты өзгереді. Ер адамдар сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді 55 жастан бастап, ал әйелдер 2025 жылы - 53 жастан бастап ала алады.
Зейнетақы аннуитетініңартықшылықтары :
Заңмен белгіленген зейнеткерлік жасты күтпестен зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі;
Өмір бойы аннуитеттік төлемдер;
Мұрагерлер үшін кепілдендірілген төлем кезеңін белгілеу мүмкіндігі;
Аннуитеттік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу;
Зейнетақыны үш көзден алу мүмкіндігі:
:
Базалық Мемлекеттік зейнетақы;
Ортақ зейнетақы (1998 жылға дейінгі еңбек өтілі);
«МАК» ӨСК» АҚ өмір бойы аннуитеттік төлемдері;
Зейнеткерлік жасқа толған кезде зейнетақы қорынан төленетін төлем (сақтанушы жұмысын жалғастыра алады және БЖЗҚ-да зейнетақы аударымдарын жинақтай алады);
Жеткіліктілік сомасы
ерлер үшін – 9 123 466 тенге;
әйелдер үшін - 11 963 930 тенге;
Егер ерлі-зайыптылардың біреуінде сақтандыру ұйымында аннуитет сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жетіспесе, ал екіншісінде артық қалдық болса, онда ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті кезінде екеуіне де өмір бойы төлемдер беруге болады. Егер адамның зейнетақы жинақтары жеткілікті болса, ол жақын адамымен, мысалы, әпкесімен немесе ағасымен бірге бірлескен аннуитет сатып ала алады. Бұл аннуитет үлкен жинақтары жоқ жақын туысына өмір бойы төлемдер береді. Күйеуі немесе әйелі, немесе жақын туысы қайтыс болған жағдайда, шарттың екінші қатысушысы сақтандырушыдан төлемдер алуды жалғастырады.