«Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Қазақстан Республикасының ҚНРДА-нен (бұдан әрі – Агенттік) 2026 жылғы 17 сәуірдегі №2.2.20 қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алды. Бұл Компанияның даму тарихындағы маңызды қадам болып табылады, өйткені ол «МАК» ӨСК» АҚ-на тәуекелдерді қайта сақтандыруға беріп қана қоймай, сонымен қатар басқа өмірді сақтандыру компанияларынан тәуекелдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, сақтандыру тәуекелдерін басқару тиімділігін арттыруға, қайта сақтандыру сыйлықақыларының көлемін ұлғайтуға және компанияның қаржылық тұрақтылығын айтарлықтай нығайтуға жол ашады.