20 жыл бойы біз қазақстандықтардың тұрақты болашағы үшін ең жақсы сақтандыру шешімдерін енгізіп келеміз.
Біздің міндетіміз – әрбір адамның қаржылық және әлеуметтік қорғалуына сенімділік пен қамқорлықтың жоғары стандарттарын қолдану.
Біздің міндетіміз – әрбір адамның қаржылық және әлеуметтік қорғалуына сенімділік пен қамқорлықтың жоғары стандарттарын қолдану.
1. 9 қазан – ЖОМС шарттарын онлайн режимде жасасу мүмкіндігін іске қо
Бизнеске арналған жақсартулар:
• Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) үдерісі кеңсеге физикалық түрде бармай-ақ, толығымен қашықтан жүргізу форматына көшірілді.
• Артық қағазбастылықты жою арқылы құжаттарды ресімдеу уақыты айтарлықтай қысқартылды.
Жаңа опция аясында жұмыс берушіге мынадай мүмкіндіктер беріледі:
• Барлық сақтандыру циклін толығымен онлайн режимнен өту: бастапқы өтінімді рәсімдеуден бастап, шартты түпкілікті жасасуға дейін.
• ЖОМС полисін алу үдерісін барынша оңтайландыру және жылдамдату.
2. 22 қазан – Demeu мобильді қосымшасын жаңғырту және іске қосу
Жақсартулар:
• Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кездегі сақтандырылушының ең жоғары жасы 70 жасқа дейін ұлғайтылды.
• Швейцария франкімен жинақтау опциясын таңдау мүмкіндігі.
• Сақтандыру сомасы мен сақтандыру мерзімін өзгерту мүмкіндігі.
Қосымшада мыналарды қарау мүмкіндігі беріледі:
• Жинақ сомасы
• Алдағы төлемдердің күні мен сомасы
• Шарт бойынша негізгі ақпарат
3. Әзірлеу барысында – тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары шеңберінде тұрғын үйді стихиялы сипаттағы зілзалалардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу көзделген.
Жобаның негізгі ережелері:
• тұрғын үйді жер сілкіністерінен, су тасқындарынан және табиғи сипаттағы орман өрттерінен міндетті сақтандыру;
• «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ базасында коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында Тұрғын үйді міндетті сақтандыру қорын құру;
• өңірлік тәуекел коэффициенттерін ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының құнын қалыптастыру;
• міндетті сақтандыру шарттарын 12 ай мерзімге электрондық нысанда жасасу;
• сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру төлемі үшін онлайн режимде жүгіну мүмкіндігі;
• шарттарды рәсімдеу, сақтандыру сыйлықақыларын есепке алу және сақтанушылармен өзара іс-қимыл жасау үшін орталықтандырылған ақпараттық жүйені құру;
• жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сақтандыру резервтерін қалыптастыру және қайта сақтандыру қорғанысын ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта заң жобалары қарау сатысында тұр, Қор қызметінің жекелеген параметрлері, оның ішінде оны қаржыландыру және ұйымдастырушылық моделі мәселелері пысықталуда.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Сақтандыру нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі.
Заң жобалары Мемлекет басшысының 2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді және сақтандыру нарығын одан әрі дамытуға, оның тұрақтылығын арттыруға, сақтандыру қызметтерін цифрландыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттарының бірі жер сілкіністерінен, су тасқындарынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өрттерінен тұрғын үйді міндетті сақтандыруды енгізу болып табылады.
Қаралып отырған модель шеңберінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ базасында еншілес ұйым ретінде коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында Тұрғын үйді міндетті сақтандыру қорын құру көзделеді.
Қорға тұрғын үйді міндетті сақтандыруды ұйымдастыру, сақтандыру резервтерін қалыптастыру, азаматтарға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру бойынша жекелеген тәуекелдерді қайта сақтандыру функцияларын жүктеу жоспарлануда.
Міндетті сақтандыру шарты электрондық нысанда 12 ай мерзімге жасалады деп көзделуде. Шарттарды ресімдеу, сақтандыру сыйлықақыларын есепке алу және сақтанушылармен өзара іс-қимыл жасау үшін Қордың орталықтандырылған ақпараттық жүйесін құру жоспарлануда.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері өңірлік тәуекел коэффициенттері және аумақтың жер сілкінісіне, су тасқынына және табиғи сипаттағы орман өрттеріне ұшырау дәрежесі ескеріле отырып қалыптастырылатын болады. Мұндай тәсіл сақтандыру қорғанысының құнын айқындау кезінде нақты өңірдің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде азаматтар сақтандыру төлемін алу үшін, оның ішінде электрондық нысанда өтініш бере алады. Сақтандыру жағдайын растау тәртібі, төлемдердің мөлшері мен оларды жүзеге асыру мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын болады.
Сонымен қатар Қордың міндеттеріне сақтандыру резервтерін басқару, тәуекелдерді қайта сақтандыруға беру, активтерді инвестициялау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу енгізіледі деп жоспарлануда.
Негізгі заң жобасында Қордың қаржылық тұрақтылығына, корпоративтік басқару жүйесіне, тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға ерекше назар аударылған. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мемлекеттік реттеуі мен қадағалауы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Қорды құру азаматтарды ірі табиғи апаттардың салдарынан қаржылық қорғаудың орнықты тетігін қалыптастыруға, сақтандыру төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге және сақтандыру жүйесінің апатты тәуекелдерге дайындығын арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта заң жобалары қаралу сатысында. Қор қызметінің жекелеген параметрлері, оның ішінде жарғылық капиталды қалыптастыру, қаржыландыру көздері және ұйымдық модель мәселелері пысықталуда.
Отсканируйте QR-код