23 тамызда Қазақстанда Қазақстан Республикасының бір палаталы Парламенті – Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға және Қазақстан Республикасының бір палаталы Парламентінің жаңа құрамын қалыптастырудың маңызды кезеңі болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы 25 тамызда бекіткен қорытынды нәтижелерге сәйкес, депутаттық мандаттарды алу үшін қажетті бес пайыздық сайлау шегінен 7 саяси партияның 5-і өтті:
«Әділет» партиясы – 71,17%;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26%;
«Respublica» партиясы – 5,56%;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,21%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11%.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға Қазақстанның Халық партиясының (3,11%) және Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының (1,07%) нәтижелері сәйкес келмейді. «Барлығына қарсы» деген баған бойынша дауыс берген сайлаушылардың үлесі 2,51%-ды құрайды.