← Жаңалықтар тізіміне оралу
«Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ өкілі қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кездесуге қатысты
Жарияланған күні: 2026-09-15
2026 жылғы 15 қыркүйекте «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директорының м.а. Нугербекова А.А. (бұрынғы тегі — Омарова А.А.) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі хаттамасының 7-тармағын орындау мақсатында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшылығы өткізген кездесуге қатысты.
Кездесу барысында жұмыс берушілердің қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарымен қамтылуын мониторингтеу және қамту жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне, сондай-ақ қызметкерлерді міндетті сақтандыру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты одан әрі үйлестіруге ерекше назар аударылды.
«Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ өкілдерінің осындай кездесулерге қатысуы ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.