Еңбек қауіпсіздігі шараларын күшейту және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 7 қазанда Көкшетау қаласында Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, сондай-ақ өңірдің қаржы секторының өкілдері қатысты.
Кездесу әлеуметтік серіктестік тараптарының өзара іс-қимылын нығайтуға, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуге бағытталған.
Отырыстың негізгі спикерлерінің қатарында Мемлекеттік аннуитеттік компаниясының Ақмола облыстық филиалының өкілі А.А. Нугербекова сөз сөйледі. Оның баяндамасы өзекті тақырыпқа – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (ЖОМС) арналды.
А.А. Нугербекова өз сөзінде ЖОМС саласындағы қолданыстағы заңнаманың негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, сақтандыру шарттарын жасасу ерекшеліктеріне және оларды тәжірибеде қолдану тәртібіне назар аударды. Ол қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру заңның жай ғана формальды талабы емес, жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлер үшін де қаржылық қорғаудың маңызды құралы екенін атап өтті. Атап айтқанда, спикер өндірістегі өмір мен денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда зардап шеккен жұмысшылар мен олардың отбасыларына сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асыру тетіктерін түсіндірді, сондай-ақ тәуекелдерді азайту және өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін дербес сақтандыру талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік аннуитеттік компания өмірді сақтандыруды, оның ішінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға маманданған, бұл сенімді әлеуметтік қорғауға және азаматтар алдындағы міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді.