Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшылығы мен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры А.А. Нугербекованың қатысуымен кездесу өтті.
Келіссөздердің басты тақырыбы — өңір жұмысшыларының әлеуметтік қорғау стандарттарын арттыру және серіктестікті нығайту, соның ішінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) саласын жетілдіру болды.
Кездесу барысында тараптар ЖОМС шарттарын қайта жасасу және облыс кәсіпорындарымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сақтандыру серіктестерін таңдау кезіндегі сенімділік кепілдіктерін түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Департамент пен Мемлекеттік аннуитеттік компанияның бірлескен жұмысы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және өндірісте зардап шеккендерге тұрақты әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға бағытталады.