«Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментімен бірлесіп, құрылыс компанияларының, мердігер ұйымдардың және еңбек ұжымдарының өкілдерімен кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің сериясын өткізді. Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өтіп тұрады.
Кездесулер елорданың бірқатар құрылыс алаңдарын қамтыды: бұл жолы олар, атап айтқанда, «Kokjiek» КТҮК («МЖК «Kokjiek»») объектісінде, сондай-ақ «Sat-NS» компаниясы мен олардың мердігер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Іс-шаралар құқықтық мәдениетті арттыруға, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған.
Кездесулер барысында жұмыскерлерге қолданыстағы заңнама нормалары мен қауіпсіздік техникасының талаптары түсіндірілді, ал жұмыс берушілердің назарына олардың еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеті жеткізілді.
Мемлекеттік аннуитеттік компания әлеуметтік жауапкершілік, жұмыскерлерді қорғау және қауіпсіздік стандарттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударады. Түрлі нысандарда мұндай кездесулерді тұрақты өткізу елдің құрылыс нарығында қауіпсіз әрі өркениетті еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді.