Осы Заңда көзделген мән-жайлар кезінде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және/немесе қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын жазатайым оқиға.
- Келісімшартты қолдау
- Сақтандыру жағдайы орын алған кезде
- Қызмет көрсету сапасын бағалаңыз
- Шағымдар мен ұсыныстар
- Сауалнама
- Жиі қойылатын сұрақтар
- Пайдалы сілтемелер
- Терминдер
- Азаматтарды қабылдау кестесі
Сақтандыру жағдайы туралы келесі тәсілдермен хабарлау болады:
1. Сақтандыру жағдайы туралы үш жұмыс күнінен кешіктірместен келесі тәсілдермен хабарлау керек:
8 (7172) 916-333телефонына қоңырау шалып,
+7 (708) 903-9999телефонына қоңырау шалып,
info@gak.kz электрондық мекенжайға немесе почтаға хабарлама жіберу арқылы.
2. Компанияға қажетті құжаттарды ұсыну керек.
- сақтандыру шартының көшiрмесi;
- жазатайым оқиға туралы акт;
- жазатайым оқиға туралы акт;
- зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшiрмесi;
- кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық және сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы берген кәсiптiк аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi;
- жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
- сақтандыру шартының көшiрмесi;
- жазатайым оқиға туралы акт;
- қызметкердiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
- қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
- пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
- жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
Осы Заңда көзделген мән-жайлар кезінде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және/немесе қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын жазатайым оқиға.
1. Сақтандыру жағдайы туралы үш жұмыс күнінен кешіктірместен келесі тәсілдермен хабарлау керек:
8 (7172) 916-333 телефонына қоңырау шалып,
info@gak.kz электрондық мекенжайға немесе почтаға хабарлама жіберу арқылы.
2. Компанияға қажетті құжаттарды ұсыну керек.
- сақтандыру шартының көшiрмесi;
- сақтандыру жағдайы орын алғаны жөнінде жазбаша түрде өтініш;
- жазатайым оқиға туралы акт;
- зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;
- емделуге кеткен нақты шығыстарды растайтын құжаттар (шот-фактура, кассалық чек және басқалар);
- кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық және сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы берген кәсiптiк аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi;
- жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
- сақтандыру жағдайы орын алған кезде, залалдарды алдын алу немесе бар болса азайту мақсатында Сақтанушының шеккен шығыстарын растайтын құжаттар.
Сақтандырылушының өлімі
1. Сақтандыру жағдайы туралы 30 күнізбелік күннің ішінде келесі тәсілдермен хабарлау керек:
8 (7172) 916-333 телефонына қоңырау шалып,
info@gak.kz электрондық мекенжайға немесе почтаға хабарлама жіберу арқылы.
2. Компанияға қажетті құжаттарды ұсыну керек.
- сақтандыру полисі;
- сақтандыру жағдайы орын алғаны жөнінде жазбаша түрде өтініш;
- сақтандырылушының қайтыс болуы туралы куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi;
- пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi (тек қана жеке тұлғалар үшін);
- сақтандырылушының қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi;
- -өлімнің себептері туралы патoлогиялық-анатомиялық (сот-медициналық) қорытындының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi (егер мұндай сараптама жүргізілген болса);
- салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (бұдан әрі – СТН), Пайда алушының әлеуметтік жеке кодының (бұдан әрі – ӘЖК) және жеке шот № (тек жеке тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және заңды тұлғалар үшін бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН) нотариат куәландырған көшiрмесi;
- сақтанушы нақты тұлғаны Пайда алушы ретінде тағайындамаған жағдайда, мұрагерлік құқына кіретінін растайтын мұрагерлердің құжаттары және сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттар (мұрагерлік құқына куәлік, жеке басын растайтын құжаттың, ЖСН, ӘСК және жеке шотының №, немесе ЖСН, БСН құжаттарының түпнұсқасы).
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде өлімі

- жазатайым оқиғаның орын алған себептері туралы қорытындымен көрсетілген жағдайларды қарайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжаттары;
- сақтандырылушы өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға орын алған кезде – уәкілетті мемлекеттік органның өндірістегі жазатайым оқиға туралы акті немесе осындай актінің нотариат куәландырған көшiрмесi
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде 1 немесе 2 топ мүгедектігі
1. Сақтандыру жағдайы туралы 30 күнізбелік күннің ішінде келесі тәсілдермен хабарлау керек:
8 (7172) 916-333 телефонына қоңырау шалып,
info@gak.kz электрондық мекенжайға немесе почтаға хабарлама жіберу арқылы.
2. Компанияға қажетті құжаттарды ұсыну керек.
- сақтандыру полисі;
- уәкілетті органның Сақтандырылушыға мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы қорытындысы;
- жазатайым оқиғаның орын алған себептері туралы қорытындымен көрсетілген жағдайларды қарайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжаттары.
Сақтандырылушының жазатайым оқиға нәтижесінде өлімі
1. Сақтандыру жағдайы туралы 30 күнтізбелік күннің ішінде келесі тәсілдермен хабарлау керек:
8 (7172) 916-333 телефонына қоңырау шалып,
info@gak.kz электрондық мекенжайға немесе почтаға хабарлама жіберу арқылы.
2. Компанияға қажетті құжаттарды ұсыну керек.
- - сақтандыру полисі;
- акт о несчастном случае;
- - сақтандыру жағдайы орын алғаны жөнінде жазбаша түрде өтініш;
- - Сақтандырылушының қайтыс болуы туралы куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi;
- - Пайда алушының жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi (тек қана жеке тұлғалар үшін);
- - Сақтандырылушының қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi;
- -өлімнің себептері туралы патoлогиялық-анатомиялық (сот-медициналық) қорытындының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi (егер мұндай сараптама жүргізілген болса);
- - салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (бұдан әрі – СТН), Пайда алушының әлеуметтік жеке кодының (бұдан әрі – ӘЖК) және жеке шот № (тек жеке тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және заңды тұлғалар үшін бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН) нотариат куәландырған көшiрмесi;
- - Сақтанушы нақты тұлғаны Пайда алушы ретінде тағайындамаған жағдайда, мұрагерлік құқына кіретінін растайтын мұрагерлердің құжаттары және сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттар (мұрагерлік құқына куәлік, жеке басын растайтын құжаттың, ЖСН, ӘСК және жеке шотының №, немесе ЖСН, БСН құжаттарының түпнұсқасы).
Біздің сайттың құрметті клиенттері мен қонақтары, біздің жұмысымыз туралы өз пікірлеріңізді білдіріңіз. Сындарлы сын мен ұтымды ұсыныстар үшін алдын-ала рахмет.
- Біз үшін әрбір алғыс пен әрбір шағым маңызды;
- Сіздің әрбір сұрағыңызға жауап беріледі;
- Сіздің әрбір пікіріңіз міндетті түрде ескеріледі;
- Филиалды, қызметкерлерді, өнімдерді және қызмет көрсетуді бағалаудың әрқайсысы талдауға қабылданады;
- Сіздің әрбір түпнұсқа идеяңыз мұқият қарастырылады және оны компания жүзеге асыруы мүмкін.
Еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесі - бұл медициналық және әлеуметтік сараптамамен анықталатын қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілетінің төмендеу деңгейі. Сараптаманы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті өткізеді.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс. Сақтандырушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге өбейтілген ай сайынғы кірісі қабылданады. (сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы)
Сақтандыру компаниясы сақтанушыдан міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тартуға құқылы емес, ал Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру класында және сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген сақтандыру компаниясын таңдауға құқылы.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс
Сақтанушы жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартын сақтандырушының іс-әрекетті жүзеге асыру басталған айдан кейін айдың бірінші он күні ішінде сақтандырушымен жасалу керек.
ЖОМС келісімшартын жасаудан жалтару төмендегі кестеге сәйкес мөлшерiнде айыппұл салуға келтіреді: - жеке тұлғаларға 20 АЕК - лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 160 АЕК - орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 400 АЕК - ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 000 АЕК
Міндетті сақтандыру шартын жасасу еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығы мен өміріне зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қамтамасыз етеді. Міндетті сақтандыру шартымен жұмыс беруші қызметкерлерге зиянды өтеу бойынша міндеттемелерді сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы сақтандыру ұйымына аударады.
1) Заңмен белгіленген зейнетақы жасын күтпей-ақ зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі 2) Өмір бойғы аннуитеттік төлемдер 3) Мұрагерлер үшін төлемдердің кепілдік берілген кезеңін белгілеу мүмкіндігі 4) Аннуитеттік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу
Иә. Егер, БЖЗҚ жинақтар аннуитет сомасынан асып кетсе, артық ақшаны зейнетақы жүйесінде қалдыруға болады. Екінші нұсқа – зейнетақы аннуитетін сатып алып, жұмысты жалғастыру. Бірінші және екінші жағдайда да Клиент зейнетақыны сақтандыру компаниясынан да, БЖЗҚ-дан алады. Бұдан бөлек, 1998 жылға дейін жұмыс өтілі болған кезде онда ынтымақ зейнетақысы қалады.
Өмірді сақтандыру компаниясын таңдай отырып, Клиент онымен шарт жасасады. Шартпен Клиент зейнетақы қорына жүгінеді, ол шарттың талаптарын заңнамаға сәйкестігін тексереді. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, жинақтар өмірді сақтандыру компаниясына ауыстырылады және төлемдер бірнеше күннен кейін басталуы мүмкін.
Клиенттің өлімі жағдайында, Компания отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырға тұлғаға зейнетақы аннуитеті шартымен белгіленген мерзімде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде төлем жүргізуге міндетті. Бұл жәрдемақы тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК 15-реттік мөлшерінен кем болмауы керек.
Кепілдік мерзім – Клиенттердің мұрагерлеріне төлем жүргізілетін мерзім. Сақтанушының өлімі жағдайында төлемді алу құқығы Клиенттің мұрагерлеріне өтеді. Төлемдер кепілдік мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі (ең жоғарғы мерзім 30 жылды құрайды). Мысалы: Сақтанушы 20 жыл кепілдік мерзімді белгіледі. Кепілдік мерзім аяқталғанға дейін 8 жыл бұрын Аннуитет қайтыс болған жағдайда, қалған 8 жыл бойы Пайда алушы аннуитеттік төлемдерді алып тұрады.
Аннуитеттік компанияға аударылған зейнетақы жинақтары мұрагерлікке жатпайды. Алайда, шарт жасау кезінде Клиент Аннуитеттің өлімі жағдайында Сақтанушы тағайындаған Пайда алушыға Өмірді сақтандыру компаниясы аннуитеттік төлемдерді төлеуге міндетті ететін кепілдік мерзімді белгілеуі мүмкін.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер Аннуитеттің немесе шартта көрсетілген Пайда алушының банк шотына аударылады. Клиент аннуитеттік төлемдердің мерзімділігін таңдауға құқылы (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын немесе жылына бір рет). Аннуитет шартында аннуитеттік төлемдердің 5% жыл сайынғы индекстелуі көзделген. Бұл заңнамалық міндетті талап.
2022 жылы ай сайынғы төлемнің ең аз мөлшері 25 213 теңгені құрады.
Ай сайынғы төлем мөлшерін өмірді сақтандыру компаниясының актуарийі, клиенттің зейнетақы жинақтары сомасын, жасын, жынысын, ұзақ өмір сүру көрсеткіштерін ескерумен ҚР Ұлттық банкі бекіткен әдістеме бойынша есептейді. Ай сайынғы сақтандыру төлемі Зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.
Міндетті жарналар және/немесе міндетті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан зейнетақы аннуитеті жеткіліксіз болған жағдайда, ерікті жарналар қолданылуы мүмкін. Яғни Сіз зейнеткерлік есеп-шотыңызды талап етілген сомаға дейін толықтыра аласыз.
2022 жылы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткілікті ең аз жинақтар: ерлер үшін – 7 090 097 теңге; әйелдер үшін - 9 500 637 теңге. Сонымен қатар, жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүргізген тұлғалар 50 жастан бастап кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін жасауға мүмкіндігі бар. Әдетте, бұл зиянды еңбек жағдайымен жұмыс істейтін адамдар. 2022 жылы жеткіліктілік сомасы (МКЗЖ бар тұлғалар үшін) ерлер үшін- 8 010 195 теңге; әйелдер үшін - 9 915 491 теңге.
Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі дегеніміз – бұл зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасы. Жеткіліктілік сомасы жыл сайынғы индекстеуді ескерумен бекітілген ең төменгі базалық зейнетақы мен аннуитеттік фактордың негізінде есептеледі. Зейнеткерлік аннуитет кезінде егер жинақ сомасы толығымен таусылған жағдайда ең төменгі зейнетақыдан төмен емес мөлшерде өмір бойы төлем жасау көзделген. Соманы анықтауға арналған есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысымен бекітілген.
Өмір бойы зейнетақы аннуитетін шартын жасасуы мүмкін: 1) жеткілікті зейнетақы жинақ сомасы бар 52,5 жастағы әйелдер мен 55 жастағы ер азаматтар; 2) зейнет жасына жеткен тұлғалар: 63 жастағы ер азаматтар, 60,5 жастағы әйелдер (2022 жылға); 3) еңбек жағдайы зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда ең аз дегенде 5 жыл жұмыс өтілі бар 50 жасқа жеткен тұлғалар; 4) І және ІІ топ мүгедектері, егер мүгедектіктігі мерзімсіз белгіленген болса;
Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
Андеррайтер – сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясы немесе Lloyds синдикаты тәуекелдерді сақтандыруға уәкілеттік берген тұлға. Сақтандырушының немесе қайта сақтандырушының сақтандыру (қайта сақтандыру) қоржынын қалыптастыру үшін жауап береді. Тәуекелдің, сақтандыру тарифтерінің және сақтандыру талаптарының тиісті деңгейін белгілеу үшін қажетті білімі және тәжірибесі болуы тиіс;
Аннуитеттік сақтандыру – сақтандырылушылар белгілі бір жасқа жеткен кезде, еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда (жасы бойынша, мүгедектік бойынша, сырқаттануы бойынша), асыраушысынан айрылған кезде, жұмыссыз қалған кезде немесе сақтандырылушылардың жеке табыстарының азаюына немесе жоғалуына әкеп соқтыратын басқа жағдайларда, зейнетақы немесе рента түріндегі мерзімдік сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы;
Бонустық сатып алу сомасы - Қағидаларға сәйкес сақтандыру дивидендтерінің мөлшерінен шыға отырып анықталатын сақтандыру шартымен кепіл берілмеген сатып алу сомасы;
Жазатайым оқиға - адамның еркісінен тыс туындаған, денсаулығына зиян келтіруге, зақым келтіруге немесе өлімге апарып соқтырған сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электр, химиялық немесе термиялық әсер ету нәтижесінде туындаған күтпеген, қысқа уақыттағы жағдай (оқиға);
Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру компаниясы қабылдаған сақтандыру тәуекелдерінің барлығын немесе олардың бір бөлігін кейіннен қайта сақтандыру ұйымына олардың арасында жасасылған қайта сақтандыру шартына сәйкес тапсыруға байланысты туындайтын қызмет және оған байланысты қатынастар;
Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерге сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Пайда алушы болып заңды тұлға, сонымен бірге азамат бола алады. Пайда алушы жеке болсын, сонымен бірге мүліктік сақтандыру бойынша тағайындалуы мүмкін. Міндеттті түрлері бойынша Пайда алушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілермен айқындалады, ерікті түрлері бойынша сақтанушымен тағайындалады;
Пруденциалды нормативтер – уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтауға міндетті нормативтер;
Сақтандыру агентi - сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандырылған адам - сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. егер өзгесі шартпен көзделмесе, сақтанушы бір уақытта сақтандырылған адам болып табылады;
Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Сақтанушы заңды тұлға және жай азаматтар болуы мүмкін;
Сақтандыру – сақтандыру жағдайы немесе сақтандыру шартында анықталған басқа оқиға басталған кезде сақтандыру ұйымы өзінің активтері есебінен сақтандыру төлемін төлеуі арқылы жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік қорғайтын қатынастардың кешені;
Сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзім басталған кезде сақтандыру сомасының шегінде сақтанушыға (пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімі шартта белгіленеді. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заңнамалық актілерде белгіленуі мүмкін;
Сақтандырушы – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына сақтандыру шарты жасасылған басқа тұлғаға шартта белгіленген сома шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті тұлға;
Сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға оның сақтандыру немесе аннуитет шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
Сақтандыру құны – сақтандыру шартын жасасу сәтіндегі сақтандыру объектісінің шынайы (нақты) құны;
Сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийлік есептер негізінде есептелетін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттері;
Сатып алу сомасы - жинақтық сақтандыру шартының қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушы алуға құқығы бар ақша сомасы.
Азаматтарды қабылдау бөлімінің меңгерушісінің аты-жөні | Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы | Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты | Орналасуы | Байланыс телефоны |
---|---|---|---|---|
Мукажанов К.А. | Басқарма төрайымы | Әр айдың соңғы
бейсенбі күні 15:00-ден 16:00-ге дейін. |
Мәңгілік ел 30, «Astana Partners» |
+7 (7172) 916-333 |
Маканова А.К. | Басқарма төрайымының орынбасары, Басқарма мүшесі |
Күнделікті
дүйсенбі-жұма 15:00-ден 17:00-ге дейін. |
||
Жолдыбеков К.Т. | Басқарма төрайымының орынбасары, Басқарма мүшесі |
Күнделікті дүйсенбі-жұма 15:00-ден 17:00-ге дейін. |
||
Бексеитова А. Т. | Басқарма төрайымының орынбасары, Басқарма мүшесі |
Күнделікті дүйсенбі-жұма 15:00-ден 17:00-ге дейін. |
||
Жаксыбаев Р. О. | Басқарма төрайымының орынбасары, Басқарма мүшесі |
Күнделікті дүйсенбі-жұма 15:00-ден 17:00-ге дейін. |
||
Кененбаева А.Ш. | Басқарушы директор, Басқарма мүшесі |
Күнделікті дүйсенбі-жұма 15:00-ден 17:00-ге дейін. |