20 жыл бойы біз қазақстандықтардың тұрақты болашағы үшін ең жақсы сақтандыру шешімдерін енгізіп келеміз.
Біздің міндетіміз – әрбір адамның қаржылық және әлеуметтік қорғалуына сенімділік пен қамқорлықтың жоғары стандарттарын қолдану.
Біздің міндетіміз – әрбір адамның қаржылық және әлеуметтік қорғалуына сенімділік пен қамқорлықтың жоғары стандарттарын қолдану.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабының 4-тармағы жұмыс берушіде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда кәсіби төлемдерді жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалармен толықтырылды (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).
Енгізілген өзгерістердің мәні – міндетті сақтандыру шартының болмауы жұмыс берушіні жұмыскерге заңнамада көзделген кәсіби төлемді қамтамасыз ету міндетінен босатпайды.
Мәселен, міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, жұмыскерге кәсіби төлем үш көзден жүзеге асырылады:
• жұмыс берушінің қаражаты есебінен – бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
• республикалық бюджет қаражаты есебінен – екі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
• сақтандыру компаниясының қаражаты есебінен – бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде.
Жұмыс берушіде міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда, сақтандыру шарты болған кезде сақтандыру компаниясы жүзеге асыратын төлемнің бір бөлігі де жұмыс берушіге жүктеледі. Осылайша, жұмыс беруші сақтандыру шартының болмауына байланысты қосымша қаржылық шығындарға ұшырайды.
Осыған байланысты міндетті сақтандыру шартын жасасу заңнама талабы ғана емес, сонымен қатар кәсіби төлемдерді жүзеге асыру міндеті туындаған жағдайда жұмыс берушіге қосымша қаржылық шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру – еңбек құқықтарын қорғау және өндірістік жарақат, кәсіптік ауру немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда азаматқа қаржылай қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік жүйенің маңызды тетіктерінің бірі.
2026 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 969 қызметкер зардап шеккен. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға көп. Жыл басынан бері 64 топтық жазатайым оқиға тіркеліп, одан 226 қызметкер зиян шекті. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде 53 топтық жазатайым оқиға болып, 139 адам жарақат алған.
Әр санның артында адам, оның денсаулығы мен еңбекке қабілеті, ал кей жағдайда тұтас отбасының әл-ауқаты тұр. Өндірістегі жарақат адамның уақытша немесе тұрақты еңбекке қабілетінен айырылуына, ұзақ уақыт емделіп, оңалтуына, дәрі-дәрмекке қосымша шығын жұмсауына, сондай-ақ еңбек табысының бір бөлігінен немесе толықтай айырылуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан заңнамада жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру тетігі қарастырылған. Жұмыс беруші әр жұмысшыға алдын ала міндетті сақтандыру шартын жасасуға тиіс.
Сақтандыру шартының болуы зардап шеккендерге заңда көзделген сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Ал қайтыс болған жағдайда, тиісті төлемдерді алуға құқығы бар адамдарға төлем жасалады.
Осы ретте сақтандыру шартының болмауы жұмыс берушіні жауапкершіліктен босатпайды. Егер жұмыскер сақтандырылмаған болса, жұмыс беруші тиісті шығындарды өз қаражаты есебінен толық өтеуге міндетті. Мұндай жағдайда емделу, оңалту шығындарын төлеу және жоғалған табысты өтеу мәселелері тікелей жұмыс берушіге жүктеледі. Кей жағдайларда жұмыскер немесе оның отбасы өз құқықтарын сот арқылы қорғауға мәжбүр болады.
Міндетті сақтандыру шартын жасамаған жұмыс берушілерге соңғы заңнамалық өзгерістермен қосымша міндеттер де жүктелген. Атап айтқанда, мұндай жұмыс беруші еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдерді де өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті. Егер міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, бұл төлемдерді сақтандыру ұйымы төлер еді.
Демек, сақтандыру формальды талап немесе қосымша әкімшілік рәсім емес. Бұл – жұмыскерді қаржылай қорғауға арналған заңда белгіленген нақты тетік және жұмыс берушінің тәуекелдерін азайтудың маңызды құралы.
Сақтандырмау жұмыс беруші үшін әкімшілік жауапкершілікке, қомақты қаржылық шығындарға, сот дауларына және беделіне нұқсан келуіне әкелуі мүмкін.
Міндетті сақтандыру еңбек қатынастарының екі тарапының да мүддесін қорғайды: жұмыскер сақтандыру жағдайы туындаған кезде заңда көзделген қаржылай қолдауға ие болады, ал жұмыс беруші заңмен белгіленген міндеттерін орындап, ықтимал қаржылық және құқықтық тәуекелдерін азайтады.
Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және жұмыскерлерді уақтылы сақтандыру – жұмыс берушінің тікелей міндеті. Бұл ретте еңбекті қорғау жүйесінің негізгі міндеті оқиға болғаннан кейін өтемақы төлеумен шектелмей, ең алдымен жазатайым оқиғалардың алдын алу және олардың болуына жол бермеу.
Безопасные условия труда и своевременное страхование работников - прямая ответственность работодателя. При этом главная задача любой системы охраны труда - не только обеспечить выплаты после происшествия, но прежде всего не допустить несчастного случая.
Отсканируйте QR-код