Еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиға – бұл, бірінші кезекте,
қызметкерлердің мамандығына қарамастан олардың денсаулығына және өміріне қатер, екіншіден, тұрақты тексерулер үшін негіз
болып табылады.Қызметкер
еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті
сақтандыру туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлер міндетті
сақтандыру осындай салдарларды алдын-алуға көмектеседі
жұмыс
беруші сақтау компаниямен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың
мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян
келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн
жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
«МАК» ӨСК» АҚ тек
100% қатысумен мемлекеттік сақтандыру компаниясы ғана емес, сонымен қатар
сіздің сақтандыру төлемдеріңіздің кепілі болып табылады.
ЖОМС шартын жасасудан жалтару:
Жеке
тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде
Лауазымды
адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне немесе коммерциялық емес
Орта
кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК мөлшерінде
Ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК мөлшерінде
Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және/немесе қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек мiндеттерiн атқарған кездегі жазатайым оқиға;
сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру сомасы шегінде Сақтандырушымен Пайда алушыға төленетін ақша сомасы.
кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі | Төлем жүргізіледі |
5% -тен 29 % -ға дейін | Сақтанушымен |
30% -дан 100%-ға дейін | Сақтандырушымен |
өлім | Сақтандырушымен |
*Сақтандыру төлемінің мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.
**Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу мерзімі | Төлем жүргізіледі |
1 жылдан аз | ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші сақтандыру төлемін барлық көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады. |
1 жыл және одан көп | қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
|
өлім | ҚР заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде ҚР Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады. |
кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі | Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу |
30% -дан 59 % -ды қоса алғанда | 500 АЕК дейін
|
60%-дан до 89%-ды қоса алғанда
| 750 АЕК дейін
|
90% -дан 100%-ды қоса алғанда | 1000 АЕК дейін |
Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға Компания жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.